СҚО-да балаларды мектепке дейiнгi бiлiммен қамту көрсеткiшi 98%-ға жеттi - Сұлтанов
Ол 2011 жылдан бастап Қазақстанда мектепке дейiнгi тәрбие мен бiлiм берудi дамытуға арналған «Бiлiм берудi дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы» жүзеге асырылып келе жатқанына тоқталып өттi. Осы уақыт аралығында өңiрде 12 312 жаңа орын ашылды.
«Соңғы жылдары кәсiпкерлер мектепке дейiнгi бiлiм беруге инвестиция құйып келедi. Бүгiнгi таңда Петропавл қаласында 16 жеке меншiк мектепке дейiнгi бiлiм беру мекемелерi ашылған.
Мемлекеттiк-жеке меншiк әрiптестiк аталған бағдарламаны жүзеге асырудың басты буыны болып табылады. Жеке меншiк балабақшаларда мемлекеттiк тапсырысты орналастырудың арқасында 3-тен 6-жасқа дейiнгi балаларды мектепке дейiнгi бiлiммен қамту көрсеткiшi 98%-ға жеттi», - дедi Ерiк Сұлтанов.
Сондай-ақ, өңiр басшысы маңызды әлеуметтiк жобаны жүзеге асырғаны үшiн «Петрострой-Люкс» ЖШС директоры, кәсiпкер Николай Кошиковқа алғысын бiлдiрдi.
«Осында тәрбиеленетiн бүлдiршiндер өскенде сапалы бiлiм алып, Қазақстан Республикасының дамуы үшiн жасалып жатқан игiлiктi iстердi жалғастыра беруiн тiлеймiн», - дедi өз кезегiнде Николай Кошиков.
Жаңа балабақша 200 балаға арналған, онда 27 педагог жұмыс iстейтiн болады.