22:39, 05 Ақпан 2019 | GMT +5
СҚО-да барлық бағыттар ойынша жол жабық
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында барлық бағыттар бойынша жолдар жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үскірік аязға байланысты жолдардың жабылғаны туралы мәліметтер 112 қызметінен СҚО тұрғындарының ұялы телефондарына келіп жатыр. Таң ата өңір тұрғындары мектептерде сабақ болмайтыны туралы ескертілді. Кешірек аяз бен жаяу бұрқасынға байланысты «Петропавл-Астана» трассасы жабылғаны туралы хабарлама келді.
Синоптиктердің мәліметтері бойынша, Қазақстанның солтүстігінде аяз бірнеше күн бойы сақталады.