СҚО-да базарда шыққан өрт 10-нан астам сауда дүңгіршегін шарпыды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Қызылжар ауданының орталығы - Бескөл ауылында базар өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО-да базарда шыққан өрт 10-нан астам сауда дүңгіршегін шарпыды

Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, өрт таңғы сағат төрттерде шыққан. Құтқарушылар келген кезде дүкендердің шатырлары жанып жатқан.

«Өрт сөндіру жұмыстары 2 учаскеде жүргізілді. Қою түтін мен шатыр құрылымының күрделілігі қиындық тудырды. Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында өрт ауыздықталды. Оған 7 техника мен жеке құрамның 20 адамы жұмылдырылды», - деді баспасөз қызметі.

1 сауда нүктесі мен күзет бөлмесі жанып кеткен, 14 дүкеннің жабыны зақымдалды. Өрт 200 шаршы метр аумақты шарпыған.

Ешкім зардап шекпеді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Жертв и пострадавших нет. Причина и ущерб устанавливаются.