Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

СҚО-да биыл туберкулезбен ауырудың 70-ке жуық жаңа жағдайы тіркелді

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM — Солтүстік Қазақстан облысында биыл туберкулезді жұқтыру 19% төмендеген.

врач
Фото: freepik.com

СҚО фтизиопульмонология орталығының мәліметінше, туберкулёздің таралуын төмендетуде ауруды ерте анықтаудың маңызы зор. Осы мақсатта халық профилактикалық тексерумен қамтылған.

Осы жылдың алты айында 74 мыңға жуық адам флюорографиялық тексеруден өтті. Оның нәтижесінде 52 адамда дерт анықталды.

Сонымен қатар ауыру қаупі жоғары топтарға ерекше көңіл бөлінген. Осы кезеңде жоғары тәуекел тобындағы 29,5 мың адам тексеріліп, олардың 47-сінен туберкулёз анықталды.

Мамандардың айтуынша, балалар арасында туберкулёздің алдын алу және оны ерте анықтау шаралары да жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Жыл басынан бері 14,2 мың балаға Манту сынамасы қойылды. Бұл жылдық жоспардың — 72%.
Одан әрі қосымша тексеруді қажет еткен шамамен 4,5 мың бала Диаскин-тестпен тексерілді. Тексеру нәтижесінде: 32 балада күмәнді, 126 балада оң нәтиже анықталды.

Бүгінде облыста туберкулёзбен ауыратын науқастардың 80% амбулаториялық жағдайда ем қабылдап жатыр. Оның ішінде 71 науқас емді үйде бейнебақылау режимінде алады.

Бұған дейін Петропавлда жасөспірімнен туберкулездің ашық түрі анықталғанын жазған едік.