СҚО-да биыл тұрғындардың басым бөлігі жүйке және қан айналым жүйесінің ауруларынан қайтыс болған
ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысында өткен он айда 3 862 нәресте дүниеге келсе, осы аралықта 4 535 адам өмірден озған.
Ұлттық статистика бюросының СҚО бойынша департаментінің мәліметінше, 2024 жылғы қаңтар-қыркүйек ішінде 1977 ұл бала және 1885 қыз дүниеге келген.
Облыс аудандары арасында ең жоғары туу коэффициенті Уәлиханов, Ақжар, Жамбыл және Шал ақын аудандарында. Ал ең төмен туу көрсеткіші Аққайың ауданында тіркелген.
1 қазандағы ақпарат бойынша, облыста 524 мың адам тұрады. Оның ішінде 49% немесе 258 мың адам — қалалық.
Он айда өңірде 4535 адам қайтыс болды. Өлім себептерінің ең үлкен үлесін — 21,5% жүйке жүйесінің аурулары, 15,8% — қан айналымы жүйесінің аурулары, 14,4% — тыныс алу органдарының және 9,2% — ас қорыту органдарының аурулары алады. Жазатайым оқиғалар, улану мен жарақаттанудан қайтыс болғандардың үлесі — 6,8%.
Осы аралықты СҚО-да 2388 неке тіркелді. Азаматтық хал актілерін тіркеу органдарының деректері бойынша 1118 жұп ажырасты.
Бұған дейін Солтүстік Қазақстаннан он айда 21 мың адам көшіп кеткенін жазған едік.