СҚО-да білім басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Әкімдік отырысында Құмар Ақсақалов жаңадан тағайындалған білім басқармасының басшысын  таныстырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

СҚО-да білім басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

Ведомствоны бұрын Петропавл қаласы білім бөлімінің басшысы болған Гүлмира Кәрімова басқаратын болды.

Гүлмира Кәрімова 1998 жылы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «бастауыш сынып мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2008 жылы Көкшетау университетінде қаржы бакалаврының дипломын алды.

Еңбек жолын 1998 жылы Петропавл қалалық классикалық гимназиясында бастауыш сынып мұғалімі болып бастады. Түрлі жылдары қала мектептерінде бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеді. 2010-2013 жылдары №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінің директоры болған. 2013 жылдан қазіргі қызметіне дейін қалалық білім бөлімінің басшысы болып жұмыс істеген.

Басқарманың бұрынғы басшысы  Шолпан Каринова ҚР білім министрлігінің бұйрығымен ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру департаментінің директоры болып тағайындалды.