СҚО-да бір аптаның ішінде 500-ден астам адам ЖРВИ жұқтырған
Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті бөлім меңгерішісі Фарида Мұхамеджанова соңғы аптада облыста 583 ЖРВИ жұқтыру жағдайы тіркелгенін хабарлады. Науқастану көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққандағы межелік деңгейден 2 есе аз. Науқастанғандардың 97 пайызы - Петропавл тұрғындары.
«Ұлттық сараптама орталығының жұқпалы аурулар зертханасы тұмаудың 5 жағдайын растады: оның бірі - «В» түрі болса, төртеуі - «А/Н1N1pdm-09» маусымдық түрі. Сондай-ақ, облыс аумағында басқа да витрустық инфекциялар таралған: 1, 3, 4 түріндегі парагрипп, риносинцитиалдық вирус, метапневмовирус, риновирус, бокавирус, аденовирус, коронавирус», - деді Ф. Мұхамеджанова.
Өңірде эпидемиологиялық маусым басталғалы бері 12 мың ЖРВИ жағдайы тіркелген. Оның басым бөлігі - 14 жасқа дейінгі балалар. Департаментте атап өткендей, ЖРВИ-мен жаппай науқастанған оқушылар тіркелмеген. Білім беру мекемелерінде оқу процесі тоқтатылған жоқ.