СҚО-да биыл 20 мыңнан астам бала жазғы сауықтыру лагеріне тегін барады

None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында биыл 20 175 баланы жазғы сауықтыру лагерімен тегін қамту жоспарланған. Осы мақсатқа бюджеттен 92,5 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО білім басқармасының мәліметінше, бюджет есебінен сауықтыру лагеріне әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан шыққан 10 816 бала, ерекше білім беру қажеттіліктері бар 771 бала, әртүрлі салаларда жетістікке жеткен 7074 оқушы, девиантты мінез-құлқы бар 1514 бала бармақ.

Бұдан басқа республикалық бюджеттен балалардың демалысын ұйымдастыруға 352 квота бөлінді. Соның ішінде бір күні 12 мың теңге тұратын «Балдәуренге» 282 жасөспірім, күні 13 600 теңге болатын «Бөбекке» 70 бала барады. Бұдан басқа Петропавлдағы «Солнечный» сауықтыру орталығында 750 бала денсаулығын түземек. Мұнда тәулігі 5500 теңге тұрады.

Жалпы СҚО аумағында 14 демалыс лагері бар, оның 11-і биыл жұмыс істемек.

Жазғы лагерьлерді мамандар 6 маусым күні қабылдап алмақ. Оған дейін нысандарда ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізіледі. Биыл осы мақсатта 94 млн теңге жұмсалмақ.

Ал жолдама 7 мемлекеттік лагерьде 35 000 теңге, «Серебрянный бор» және «Эдельвейс Бурабай» лагерінде 65 000 теңге, қалалық лагерьлерде 55 000 теңге болады.

Сауықтыру лагерлерінде жазғы маусымның ашылуы 10-17 маусым аралығына жоспарланған. Әрқайсысы 10 күнге созылатын 5 сауықтыру маусымы болады. Бүгінде балаларды барынша қамту үшін жолдамалар шаруашылық есебінен сатып алынып жатыр.

Соңғы жаңалықтар