СҚО-да боран күшейіп, республикалық бағыттағы бірқатар жол жабылды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында боранның кұшеюіне байланысты тағы да бірқатар автомобиль жолдары жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО-да боран күшейіп, республикалық бағыттағы бірқатар жол жабылды

СҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ауа райының бұзылуынан көру 50 метрге дейін шектелген, апаттық жағдайға жол бермеу мақсатында сағат 15.00-ден бастап тағы бірқатар республикалық бағыттағы автожолдар жабылды. Олардың қатарында:

- А-16 «Жезқазған-Петропавл» 781-954 км (Сергеевкадан Петропавл қаласына дейін);

- М-51 «РФ Челябі шекарасынан Новосібір қаласының шекарасына дейін» 465-655 км;

- А-21 «Мамлютка-Қостанай» 0-180 км;

- Р-57 «Петерфельд -Архангельск-Новокаменка»

- А-16 «Жезқазған-Петропавл» 0-31 км;

- А-12 «Петропавл-Соколовка-РФ шекарасына дейін (Ишим жағы)» 11-73 км,

-А-13 «Көкшетау-Кишкенекөл-Бидайық-РФ шекарасына дейін (Омбы жағы)» 50-186 км (Ақмола облысының шекарасынан Талшық елді мекеніне дейін);

- Р-62 «Петропавл әуежайына баратын жол» 0-5 км;

- Р-49 «Петропавл айналма жолы» 0-30 км.

СҚО ТЖД бұған дейін сағат 10.15 минут кеткенде боарнға байланысты республикалық маңызы бар жолдардың бар бөлігін жапқан еді.

«Қазгидромет» РМК СҚОФ мәліметінше, қолайсыз ауа райы ертең де сақталмақ.

6 наурыз күні өңірде қар жауып, тұман түседі, кей жерлерде боран соғып, көктайғақ болады.

Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін, түнде 23-28 м/с жетпек.

Осыған байланысты СҚО ТЖД елдімекен аумағынан ұзап шықпауға кеңес береді.