СҚО-да боран соғып тұр: 4 ауданда жолдар жабылды
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының төрт ауданында боранға байланысты жолдар жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
СҚО төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгін сағат 18.00-де ауа райының нашарлауына байланысты Айыртау, Тимирязев, Есіл және Шал ақын аудандарында көліктің барлық түрлері үшін облыстық маңызы бар жолдар жабылды. Өңірде желдің екпіні күшейіп, борандатып тұр.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, СҚО-да түнде желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшеймек. Түнде -4-6 градус суық болса, 25 ақпан күні күндіз -2 градус аралығында. Қар жауып, сырғыма жүреді, көктайғақ болмақ.