СҚО-да боранға байланысты барлық бағыттағы жолдар жабылды
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында боранның күшеюіне байланысты барлық бағыттағы жолдар жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
СҚО-да барлық бағыттағы жолдар жабылды. Ауа райының бұзылатындығы жайында кеше синоптиктер ескерткен еді.
Мамандардың айтуынша, соққан желдің екпіні 28 метрге жеткен. Ауа температурасы орташа минус 20-22 градус шамасында болғанымен, желдің өтінде ол 40 градусқа дейін төмендейді. Осыған байланысты құзырлы мекемелер sms арқылы абоненттерге дауылды ескерту жолдады.