СҚО-да боранға байланысты республикалық жол жабылды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында бұрқасынға байланысты республикалық маңызы бар жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО-да боранға байланысты республикалық жол жабылды

«Петропавл-Жезқазған» бағытындағы автожолдың жабылғандығы жөнінде 112 қызметі хабарлады.

Sms-хабарламада «Петропавл-Жезқазған» А-16 трассаның 595-624 км жабық делінген.

Көліктердің қозғалысын шектеуге өңірдегі боран себеп болды.

Кеше арнайы қызмет СҚО аумағында секундына 28 метрге дейін қатты жел тұратынын ескерткен болатын.

Еске сала кетейік, мұның алдында ауа райының бұзылуына байланысты Нұр-Сұлтан мен Атбасар арасында жол жабылған болатын.