СҚО-да боранға байланысты жол жабылды
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында республикалық маңызы бар тасжолдың бөлігінде барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, М 36 «Екатеринбург - Алматы» тасжолының 835 шақырымынан (Чистополье ауылы) 856 шақырымына (Ақмола облысының шекарасы) дейінгі бөлігі жабылды.
Жауын-шашын мен жолдың көрінбеуі қауіп тудырып отыр.
Көрші Ақмола облысында да тасжолдар жабылды.