СҚО-да бір аптада 3,6 мыңнан астам адам ЖРВИ-мен дәрігерге қаралды

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысында жіті респираторлық вирустық инфекция жұқтырғандар саны артты. Тек бір аптада 3 655 адам дәрігер көмегіне жүгінген. СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бір аптада сырқаттанғандар саны 8%-ға артқан. ЖРВИ жұқтырғандардың 2403-і – 14 жасқа дейінгі бала. 

денсаулық
Фото: Kazinform

«Тұмауды жұқтырудың соңғы дерегі биыл наурыз айында тіркелді. Эпидемиологиялық маусым алдында уақтылы тұмауға қарсы профилактикалық егу алуға кеңес береміз. Ол тұмауға қарсы иммунитетті қалыптастырады, тиімділігі жоғары. Биыл 60 мың адамға тегін екпе жасалады. Олар - медицина қызметкерлері, медициналық ұйымда диспансерлік есепте тұрған балалар және балалар, сәбилер үйлерінің тәрбиеленушілері, қарттар үйлерінің контингенті, эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 2-3 триместрдегі жүкті әйелдер, созылмалы аурулары бар адамдар, 65 жастан асқан адамдар. Бұл тұрғындар тіркелген жері бойынша емханада вакцинациядан тегін өте алады», - дейді департаменттің бас маманы Айнаш Сағандықова. 

Тұмау, ЖРВИ, коронавирус ауруларының алдын алу үшін санитар дәрігерлер үй-жайларды үнемі желдетіп отыруға, қолды өңдеу үшін антисептикалық құралдарды пайдалануға, ауру адамдармен байланысты шектеуге, ауру белгілері бар адамдармен байланыста болған кезде бетперделерді пайдалануға, уақтылы медициналық көмекке жүгінуге кеңес береді. 

Бұған дейін Jibek Joly телеарнасындағы «Таза қала» бағдарламасы еліміздің солтүсік аумақтарын аралауды бастағанын жазған едік. Түсірілім тобы Петропавл қаласында болып, су тасқынынан кейінгі қазіргі тыныс-тіршілігін көрестті.

Соңғы жаңалықтар