СҚО-да бір шаңырақтың 20 шақты адамы референдум учаскесіне ән-күйлетіп келді

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бәйтерек ауылындағы Мұсабай Жұпарханның отбасы референдум учаскесіне тайлы-тұяғы қалмай келді. Ұлттық киім киген әулет мүшелері таңдау жасап болғаннан кейін, келушілерге домбыра тартып, ән орындап берді. 

СҚО-да бір шаңырақтың 20 шақты адамы референдум учаскесіне ән-күйлетіп келді
Фото: Анатолий Белоног

Бәйтерек ауылының тұрғыны Мұсабай Жұпархан Қазақстанға 2009 жылы қоныс аударған. Моңғолиядан келген қандасқа «Нұрлы жол» бағдарламасымен салынған үй берілді. Қазір атажұртта дүниеге келген немерелерінің қызығын көріп отыр.

СҚО-да бір шаңырақтың 20 шақты адамы референдум учаскесіне ән-күйлетіп келді
Фото: Анатолий Белоног

«Төрт ұл, екі қызым бар, бәрі бүгінде шаңырақ көтерген. Кенже ұлым Жұпарханмен бірге тұрамын. Осындағы мектепте 6 жыл жұмыс істеп, былтыр зейнет демалысына шықтым», - дейді ауыл тұрғыны. 

СҚО-да бір шаңырақтың 20 шақты адамы референдум учаскесіне ән-күйлетіп келді
Фото: Анатолий Белоног

Зейнеткер де, бала-шағасы да жергілікті мектепте орналасқан референдум учаскесіне ұлттық киіммен және домбыра ала келді. Ән шырқап, дауыс беруге келген ауылдастарының көңілін көтерді. 

СҚО-да бір шаңырақтың 20 шақты адамы референдум учаскесіне ән-күйлетіп келді
Фото: Анатолий Белоног

«Әйелім, балаларым мен келіндерім, немерелерім – таңдау жасауға келдік. Референдумға қатысып, өте маңызды мәселеге қатысты дауысымызды бердік. Еліміздің болашағы үшін дұрыс таңдау жасадық деп үміттенемін», - дейді Мұсабай Жұпархан. 

СҚО-да бір шаңырақтың 20 шақты адамы референдум учаскесіне ән-күйлетіп келді
Фото: Анатолий Белоног

Қызылжар ауданы Бәйтерек ауылындағы №276 референдум учаскесінде 988 адам тіркелген. Олардың басым бөлігі түске дейін өз таңдауларын жасады. 

Бұған дейін Петропавлдағы ҚР Ұлттық ұланы академиясындағы референдум учаскесі алғашқылардың бірі болып жұмысын аяқтағанын жазған едік.