СҚО-да азық-түлік бағасында қандай өзгеріс бар
Солтүстік Қазақстан облысындағы инфляция жылдық есептеумен алғанда 12,1% көрсетті. Өткен жылғы қазан айымен салыстырғанда әсіресе күріш пен сары май және көкөністерге баға өскен, деп хабарлайды Kazinform.
Ұлттық статистика бюросы СҚО бойынша департаментінің мәліметінше, өткен жылғы қазанмен салыстырғанда, азық-түлік тауарларына – 12%, азық-түлік емес тауарларға – 12,1, ақылы қызметтерге – 12,6% өсті.
Бір жылдың шінде тұздалмаған сары май – 29,2%, жұмыртқа – 19,6, сүт өнімдері – 16,1, жемістер – 7,5% қымбаттаған. Жармалардың кей түрінің бағасыа 2% төмендегенімен, күріш осы аралықта 47,9% қымбаттады.
Алкогольді ішімдіктерге – 16,2%, алкогольсіз сусындарға – 16,1% баға көтерілген. Көкөністер де 5,7% қымбаттаған. Соның ішінде қызылша бағасы – 32,8%, қырыққабат – 25,2%, сәбіз – 24% өскен. Ал картопты былтырғыдан 2,2%, пиязды 1,9% арзанға алуға болады.
Бұйымдар, приборларға және жеке бас тұтынуына арналған тауарларға – 27,7%, киім және аяқ киімге – 12,6, фармацевтикалық өнімдерге – 8,9, кітаптар мен кеңсе тауарларына – 6,7% баға өскен. Тас көмір 14,2% қымбаттады. Бензин 12,1% өсті.
Коммуналдық қызметтердің ішінде электр қуатына тариф 14,2% қымбаттады. Амбулаторлық қызметтер де бүгінде – 17,8%, көлік қызметтері – 13,2%, тұрғын үйді жалға беру үшін төленетін нақты ақы – 10% қымбаттаған.