СҚО-да бұрқасын болып, қатты жел соғады
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында алдағы екі күнге ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК дерегі бойынша, 12-13 наурызда облыс аумағында бұрқасын соғып, тұман түседі және көктайғақ болады. 12 наурызда оңтүстік-батыстан жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады. 13 наурызда да дәл сондай қатты жел соғады. Алайда, оның екпіні кей жерлерде 23-28 м/с-ке жетеді.
Петропавлда түнде және таңертең тұман түседі. Жел соғады. 13 наурызда желдің екпіні секундына 23 метрге жетуі ықтимал.