СҚО-да цифрлық сүт кешендері салынады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазИнформ – Солтүстік Қазақстан облысында цифрлық сүт өнімдерін дамытуға көңіл бөлініп отыр. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО-да цифрлық сүт кешендері салынады

«Қазіргі уақытта ет өндіру тиімді. Аймағымызда адам басына 171 кг ет өндіріледі, бұл біздің қажеттілігімізден 3 есе жоғары көрсеткіш», - деді Құмар Ақсақалов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сондай-ақ, облыста сүт өндіру саласы дамып келеді.

«Бүгінгі таңда СҚО цифрлық сүт фермаларын дамытуға көңіл аударып отыр. Бізде 17 сандық ферма бар, осы жылы тағы 3 цифрлық сүт кешені салынады. Келесі жылы тағы осындай 10 заманауи ферма салынады. Сүт кешендері арқылы сүт өнімін 20 мың тоннаға арттыру жоспарда бар» - дейді облыс әкімі.