СҚО-да COVID-19 жұқтырған 30 адам ауыр халде жатыр

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында соңғы аптада күнделікті коронавирус жұқтырған 100-ге жақын адам анықталып жатыр. Осы аралықта қайтыс болғандардың саны 5-еуге жетті, арасында бірден асқан сәби де бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО-да COVID-19 жұқтырған 30 адам ауыр халде жатыр

СҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өңірде эпидемиологиялық жағдай күрделі. Тек өткен тәулікте 97 адам коронавирусты жұқтырды. Қазір облыстағы инфекциялық стационарлар 52 %-ға толған, 434 адам ем алып жатыр.

Қауіпті вирусты жұқтырғандардың 30-ының жағдайы ауыр. Жансақтау бөлімшесіне жатқызылған олар өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Коронавирусты жұқтырып, ауруханаға түскендердің ешқайсы да вакцинациядан өтпеген.

Соңғы аптада COVID-19-дан қайтыс болғандар саны артты. Көз жұмғандардың біреуі – жастан екі ай асқан сәби.

СҚО-да бүгінде 184 295 адам вакцинаның 1-ші компонентін алды. Оның 108 446-сы толық курстан өткен.