СҚО-да екі адам өрттен қаза тапты

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында өрттің салдарынан екі адам қаза тапты. Мамандардың айтуынша екі жағдайда да отты абайсыз қолдану себеп болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 17 тамыз күні түнгі сағат 23.25 минутта өрт сөндіру қызметіне Петропавлдағы «Мичурино» саяжай қоғамдасығында үй өртенгендігі туралы хабар түседі. Оқиға орнына жеткен мамандар саяжай үйінің ішінен әйелдің денесін тапты. 1970 жылы туған әйел сонда жаз бойы тұрған екен. Аумағы 18 шаршы метр болатын саяжай толығымен жанып кетті.

«Екінші өрт 20 тамыз күні болды. Аққайың ауданы Полтавка елдімекенінде жекеменшік гараждардың бірінде өрт шығып, ол қора-қопсыға тараған. Оқиға орнынан 1939 жылы туған ер адамның мәйіті табылды. Қазіргі болжам бойынша екі өртте де отты абайсыз қолдану себеп болған», - дейді СҚО ТЖД басқармасының бастығы Дмитрий Растихин.

Жалпы жыл басынан СҚО аумағында 397 өрт тіркелді. Келген материалдық шығын 55 млн теңгеден асады. Отыз адам өртте мерт болып, 13 адам жарақат алды.


Соңғы жаңалықтар