СҚО-да электр желісінен ажыратылған 181 елді мекеннің тек жартысына жарық берілді
Солтүстік Қазақстан облысында кешегі боранның салдарымен күресіп жатыр. Қарлы-жауынды дауыл кезінде 13 ауданның 181 елді мекені электр жарығынан ажырап қалды, деп хабарлайды Kazinform.
СҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Владислав Лукиннің айтуынша, электр сымдарының үзілуінен, шағын станцияларда сымдардың тұйықталуынан 14590 абонент жарықссыз қалды.
«Облыс аумағында желдің екпіні 25-30 м/с дейін жетті. Қарлы жаңбыр жауды. Салдарынан 181 елді мекен жарықсыз қалды.
Өңірде осындай оқыс оқиғада тиісті әрекет етіп, барлық қызметтердің жұмысын үйлестіретін Штаб бар. Бірінші кезекте әлеуметтік нысандар – аудандық ауруханалар, мектептер, балалар үйлері, орталық қазандықтар назарға алынды. Олар бірден қосымша жарық беру көздеріне қосылды», - дейді Владислав Лукин.
Қазіргі уақытта үзілген электр желілерін анықтап, қалыпқа келтірумен «Севказэнерго» АҚ 55 апаттық-жөндеу бригадасы, сонша техника және «Көкшетау-Энерго» ЖШС 37 бригадасы мен 140 техникасы айналысып жатыр.
Сағат 15.00-дегі мәлімет бойынша әзірге 92 елді мекеннің 5079 абоненті жарықсыз отыр.