СҚО-да ер адам мен әйел жер үйде болған өртте көз жұмды

АСТАНА. 15 қыркүйек. ҚазАқпарат - Жұма күні таңертең Солтүстік Қазақстан облысының Кішкенекөл ауылында жекеменшік үйде өрт болды, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нан.

СҚО-да ер адам мен әйел жер үйде болған өртте көз жұмды

Өрт толығымен 3 сағаттан кейін сөндірілді.

Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 7 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды. Өрт болған жерде 35 жастағы ер адам мен 54 жастағы әйелдің мәйіттері табылды.