09:19, 18 Наурыз 2013 | GMT +5
                                        СҚО-да ер адам жолаушылар пойызының астына түсіп, мерт болды
                                            АСТАНА. 18 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Солтүстік Қазақстан облысында түнгі сағат екі жарымда
                                        
                                        
                                    
                                              «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ақмола жол бөлімінің Петропавл-Жаңатұрмыс өткелінің 6-шы шақырымында 29 жастағы ер адам абайсызда пойыз астына құлап кетті.
ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарланғандай, №315 жолаушылар пойызы Ташкент-Екатеринбор бағытымен қозғалып келе жатқан. Ер адам оқиға орнында жантәсілім етті.