СҚО-да еріген қар суынан сарқырама пайда болды
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда еріген қар суы күре жолды бұзды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Еріген қар суының ағысы соншалық, ол жол төсемін түгелдей шайып кеткен. Қауіпті аумақта түсірілген бейнежазбалар әлеуметтік желілерге жүктелуде.
«112» қызметі солтүстікқазақстандықтарды «Көкшетау-Рузаевка» трассасының жабылуы туралы SMS-хабарлама арқылы ескертті.
Кеше қызыл су Рузаевка ауылына жетті. Ондаған үйлерді су басып, 100-ге жуық мал басы қырылды. Құтқарушылар қырықтан астам жергілікті тұрғынды эвакуациялады.