СҚО-да ерлі-зайыптылар апатқа ұшыраған көліктен аман шығарылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Заречный ауылында тұратын ерлі-зайыптылардың аудан ортылығына сапары қайғылы жағдайға ұласа жаздады, деп хабарлайды ҚазАқпарат СҚО-ның ІІД-не сілтеме жасап.

Жол апаты 11 қараша күні таңғы 9-00-де болған. «Audi» және «Chevrolet Niva» көліктерінің соқтығысуы салдарынан «Audi» көлігі трассадан ұшып кетіп, қатып қалған судың үстіне барып түседі. Осы уақытта «Жезқазан-Петропавл» атвотрассасында кезекшілікте жүрген тәртіп сақшылары Сергею Ильченко мен Қанат Фазылов отбасы мүшелерін бүгіліп қалған көліктен алып шығуға көмектесті. Оларға сонымен қатар «Chevrolet Niva» көлігінің жүргізушісі мен жолаушылары және осы маңнан өтіп бара жатқан азаматтар көмек көрсеткен.

«Audi» көлігінің жолаушысы ес-түссіз жатқан. Полиция сержанты Қанат Фазылов әйелге жасанды дем беріп, жүрегіне массаж жасаған. Зардап шеккендер аудандық ауруханаға жеткізілді.

«Мен әлі өзіме келе алмай жатырмын. Мен жағдайдың қаншалықты мүшкіл екендігін білген де жоқпын. Менің жарым суға тұншығып қалуы мүмкін еді. Оның демі де сезілмей қалған болатын. Бізге қол ұшын созған азаматтарға алғысымды білдіремін. Олар ойланбастан мұзды суға кіріп кетті. Егер олар болмаса біздің жағдайымыз не боларын қазір ойлаудың өзі қорқынышты»,-дейді 46 жасар солтүстікқазақстандық.

Соңғы жаңалықтар