СҚО-да ертең қатты аязға байланысты оқушылар мектепке бармайды

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM — Солтүстік Қазақстан облысында 14 қаңтарда ауа температурасының -35 градусқа дейін төмендеуіне байланысты мектептерде сабақ тоқтатылды.

школьные парты школа мектеп
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

«112» қызметінен келген хабарламада қатты аязға байланысты мектептерде бірінші ауысымда оқитын 0-12 сыныптар және колледждердің 1-2 курс оқушылары үшін сабақ болмайтындығы айтылды. 

СҚО білім басқармасы да ата-аналарды ескертіп, ертең сабақтың онлайн форматқа ауыстырылатынын хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, әдетте ауа температурасы -25 градустан төмен және желдің екпіні 2 м/с жоғары болса 0-4 сыныптар үшін, сынап бағаны -27 градустан төмендесе 0-9 сыныптар үшін, -30 градустан төмен аяз тұрғанда 0-12 сыныптар және колледждердің 1-2 курстары үшін сабақ болмайды. 

Сібір антициклонының ықпалынан өңірде бірнеше күн аяз тұрмақ. 

Бұған дейін қолайсыз ауа райына байланысты Қазақстанның бірқатар өңірінде көлік қозғалысы шектелгенін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар
Референдум