СҚО-да ғана жүзеге асырылып жатқан «Уақытша отбасы» жобасы келер жылы жабылуы мүмкін

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – СҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Татьяна Протопопованың айтуынша, «Уақытша отбасы» пилоттық жобасы 2019 жылғы қаңтарда басталды.

люди семья адамдар отбасы
Фото: Pixabay

Жоба қолға алынған кезде оған 3 аудан қосылып, 54 отбасына 61 бала уақытша патронатқа берілді.

Өңірдегі мектептердің басым бөлігі – шағын, кейбірінде мүлде білім ордасы жоқ. Мұндайда балалар көрші ауылға барып-келіп немесе интернатта жатып оқиды. «Уақытша отбасы» осындай басқа ауылға барып оқуға мәжбүр балаларға арналды. Яғни осындай ауылдың оқушысын мектебі бар елді мекендегі отбасы уақытша қолына алады.

«Биылғы оқу жылында 11 аудандағы 119 уақытша отбасында 132 бала тұрып жатыр. Балаларды уақытша отбасыға беру алгоритмі бар. Барлық талаптар орындалған жағдайда ғана шешім қабылданады және ата-ана, «уақытша отбасы» және мектепке баланы беру туралы үшжақты шартқа отырады.

- «Уақытша отбасында» тұратын балалар мектеп инспекторлары, учаскелік, әлеуметтік педагогтер, психологтардың назарында. Олар отбасыларға жүйелі түрде барады, тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларға тексеру жүргізеді, - дейді Татьяна Протопопова.

Маманның айтуынша, бұл жоба тиімділігін көрсетті. Мониторингілеу кезінде балалардың сабақты қалдыру жағдайларының азайғаны анықталды, өйткені «уақытша ата-аналар» тарапынан тұрақты бақылау бар, жақсы күтім болғандықтан бұл балалар сирек ауырады.

- Жоба аясында баланы интернатта күтіп-бағуға бағытталған қаражат уақытша отбасыға беріледі. Ол қаражатты және еңбекақыны жергілікті атқарушы органдар төлейді. Жалақы орташа есеппен 45 мың теңге болса, әрбір кәмелетке толмағанға 7 АЕК мөлшерінде, оның ішінде дәруменге бай тамақтану үшін беріледі. Бірақ соңғы уақытта ата-аналар балаларын «уақытша отбасыға» беруге құлықсыз, - дейді Татьяна Протопопова.

Бұған дейін СҚО-да апатты мектептер мен жатақхана тапшылығы мәселелері толық шешілгенін жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар