СҚО-да Герольд Бельгердi еске алу мұражайы ашылды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Бүгін Гуманитарлық-техникалық колледжде белгiлi жазушы, публицист, аудармашы, Солтүстiк Қазақстан облысының құрметтi азаматы Герольд Бельгерге арналған мұражай-аудитория ашылды. Iс-шараға өңiр басшысы Ерiк Сұлтанов қатысты, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

СҚО-да Герольд Бельгердi еске алу мұражайы ашылды

Облыс әкiмi мұражай ұйымдастырушыларына алғыс бiлдiрiп, жазушының үш бiрдей әдебиеттiң дамуына қосқан үлесiне тоқталды.

«Герольд Карлович бүкiл өмiрiн отанына деген шексiз махаббатымен өткiздi. Бұл мұражай бiздiң жастарымыз үшiн жақсы патриоттық мектеп болады. Маған бұл азаматты бiлiп, онымен бiрге жұмыс iстеу бақыты бұйырды», - дедi Ерiк Хамзаұлы.

Колледж директоры Александр Мерк мұражай-аудиторияның жас ұрпақты тәрбиелеуге қосатын үлесi туралы әңгiмеледi.

Алғашқы қонақтар үшiн экскурсия жүргiзушiлерi Герольд Бельгердiң өмiрi мен шығармашылығы жайында мазмұнды ақпаратты жеткiзiп, кейбiр экспонаттар туралы айтты. Олардың iшiнде жазушының жарымен қызы табыстаған жеке заттары бар. Жалпы мұражай 9 тақырыптық бөлiмнен тұрады.

Жиын соңында Ерiк Сұлтанов мұражай-аудитория жайында естелiк жазба қалдырды.
Герольда Бельгера