СҚО-да қар құрсауынан жолаушылар автобусы мен екі жеңіл автокөлік шығарылды
Облыста 288 учаскі қар құрсауына түскен. Боран кезінде кептелу қаупі өте жоғары. Облыс тұрғындарына қолайсыз ауа-райы туралы алдын-ала ескертілуде. Жыл басынан бері мұндай хабарламалар күн сайын келіп жатыр.
5 қаңтарда ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бірақ адамдар соған қарамастан елді мекендерден тыс жерлерге шыққан.

ТЖ департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, түнде «Петропавл-Қостанай» жолаушылар автобусы қар құрсауында қалған. Ол Шалақын ауданының Сергеевка ауданы орталығынан 3 шақырым жерде 16 жолаушысымен тұрып қалған. Автобусты тазаланған жолға «Кировец» техникасының көмегімен шығаруға тура келді.
Сол уақытта Тимирязев ауданында Ынтымақ ауылынан 7 шақырым жерде, «Дмитриевка-Жаркен» автожолында құтқарушылар бес жолаушысы бар екі жеңіл автокөлікті қар құрсауынан шығарып алған.