СҚО-да кәсіпкерлер 200-дей балаға демалыс лагерьлеріне жолдама алып берді
Бұл жайында СҚО әкімдігінің отырысында белгілі болды. Білім басқармасының басшысы Гүлмира Кәрімованың мәліметінше, биыл өңірдің оқушылары 100% (66 956 бала) жазғы демалыс лагерьлерімен қамтылмақ. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,2% артық.
«Тұрмысы төмен отбасылардың 10 мыңға жуық баласы бюджет есебінен демалады. Осы мақсатқа шамамен 70 млн теңге бөлінді. Қазір балаларды қарсы алуға 14 сауықтыру лагері дайын», - дейді Гүлмира Кәрімова.
Биыл сауықтыру лагерьлерінің құны аудан тұрғындары үшін 15 мың теңгеден басталса, петропавлдықтар үшін баланы екі апталық демалысқа жіберу 30 мың теңгеге дейін жетпек. Мамандардың айтуынша, бұл - көрші өңірлермен салыстырғанда анағұрлым арзан. Мәселен Қостанай облысында 33,6 мың теңге, Павлодар өңірінде 46 мың теңге болса, Ақмола облысында 66,5 мың теңгеге дейін жетеді екен.
Сондай-ақ «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ауылшаруашылығы құрылымдары демеушілік көрсетіп, 16 млн 764 мың теңгеге демалыс лагерьлеріне 80 жолдама әперді. Жазғы демалыс - маусымның 10-ынан басталады.