СҚО-да қатерлі ісікке шалдыққандардың құқығы бұзылып келген

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары денсаулық сақтау саласына талдау жүргізіп, өрескел заң бұзушылыққа жол берілгенін анықтады.

Шығыс Қазақстанда жыл сайын 2500 адамнан қатерлі ісік анықталады
Фото: Kazinform

Мәселен, онкологиялық дертке шалдыққандардың құқығы бұзылған. СҚО прокуратурасының мәліметінше, медициналық ұйымдар Әлеуметтік кодекстің талаптарына қайшы, мүгедектікті анықтау үшін осы санаттағы 100-ден астам азаматты медициналық-әлеуметтік сараптамаға жібермеген. 

Қадағалау органының актісінен кейін бұл азаматтарға мүгедектік белгіленді, енді олардың әлеуметтік қолдаудың барлық тиісті түрлерін пайдаланып, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуға мүмкіндігі бар. 

Заң бұзғаны үшін 2 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды. 

Бұған дейін мемлекеттік еңбек инспекторлары 28,7 мыңнан астам жұмысшының еңбекақысын алып бергенін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар