СҚО-да қауіпті індет белгілерімен ауруханаға жатқызылғандар саны бір аптада 32% артты

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында коронавирусты инфекциядан ауруханада емделіп жатқан 97 адамның үшеуінің жағдайы ауыр, олар өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау департаментінің басшысы Серікбай Қасмақасов онлайн брифинг өткізіп, COVID-19 қатысты өңірдегі жағдаймен таныстырды.

Облыстың бас санитариялық дәрігерінің мәліметінше, СҚО-да қауіпті індетті жұқтырудың 315 жағдайы тіркелсе, соның 146-сында науқастар дәрігерге ауырған соң қаралған. 169-ында ауру белгілері байқалмаса, 111 жағдайда сырқаттар сырттан келді. Сондай-ақ 38 баланың вирусты жұқтырғаны расталды.

Өңірде тек соңғы тәулікте COVID-19 24 адамда анықталса, оның тең жартысында коронавирус инфекциясының ауру белгілері болған.

«Қазіргі таңда стационарларда 97 адам ем алып жатыр. Олардың 68-інің жағдайы қанағаттанарлық болса, 26-сының жағдайы – орташа, үшеуі ауыр халде жатыр. Өздігінен дем ала алмағандықтан бұл науқастар өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Бұдан басқа 157 адам үйден бақыланады. Тәуір болып шыққандардың саны 61-ден асты», - дейді Серікбай Қасмақасов.

СҚО-да қауіпті індет Жамбыл ауданын есептемегенде Петропавл қаласы мен өңірдің 12 ауданында тіркелді. Ауырғандардың 56% облыс орталығына тиесілі болса, екінші-үшінші орындарда М.Жұмабаев және Мамлют аудандары келеді. Бұл аудандарда ауру негізінен сырттан келгендерден анықталды.


Соңғы жаңалықтар