СҚО-да көкөніс алқаптары шамамен екі есеге ұлғайтылмақ

None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысын биыл сәбіз, картоп және қырыққабатпен толық қамту үшін егістік алқаптары шамамен екі есеге дейін ұлғайтылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО әкімдігінде көктемгі егіс науқанына дайындық барысы пысықталды.

Өңір басшысының бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетовтың айтуынша, биыл 4,5 млн га алқапқа дақыл егілмек. Мемлекет басшысының тапсырмасына орай ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру бойынша биыл 3,2 млн га дәнді және бұршақ дәнді дақылдар, 960 мың га майлы дақылдар, 353 мың га жемшөп егілмек.

Ал картоп 34,1 мың га, көкөніс 6,2 мың га алқапты алатын болады.

«Өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, ішкі нарықты әлеуметтік маңызды азық-түлікпен толтыру мақсатында биыл қарақұмық алқабы үш есеге – 9 мың га 27 мың га дейін ұлғайтылды. Шаруашылықтар картоп алқаптарын 1,5 есе – 4,8 мың га 78 мың га дейін жеткізіп отыр. Сәбіз алқабы 0,2 мың га 0,4 мың га дейін екі есе, қырыққабат 0,1 мың га 0,22 мың га дейін 2,2 есе ұлғайтылады. Бұл жұмыс өңірдің осы өнімдерге қажеттілігін толық жаппақ», - дейді Марат Тасмағанбетов.

Қазіргі уақытта өңірдің ауылшаруашылығы құрылымдары тұқыммен толық қамтылған. Көктемгі егісті өткізуге 488,5 мың тонна тұқым қажет.

Биыл жоспар бойынша 9,5 % тұқым жаңартылмақ.


Соңғы жаңалықтар