СҚО-да көктайғаққа байланысты республикалық маңызы бар жолдар жабылды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында көктайғаққа байланысты республикалық маңызы бар бірқатар жол жүк көліктеріне жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО-да көктайғаққа байланысты республикалық маңызы бар жолдар жабылды

СҚО nөтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ауа райының нашарлауына байланысты бүгін сағат 11.00-ден бастап республикалық маңызы бар жолдардың бірқатарында жүк көліктерінің қозғалысы шектелді.

Олар:

- РФ шекарасы Челябіге, Новосібірге, Петропавл арқылы Омбыға баратын Петропавлдан Булаев қаласына дейінгі аралығы, М-51 автожолының 535-618 шақырымы;

«Астана - Петропавл» А-1 автожолының 392-473 км (Рощинское елді мекенінен Петропавлға дейін);

- «Жезқазған – Петропавл, Аркалық арқылы» А-16 автожолының 673-946 км (Тоқсан би ауылынан Бескөл ауылына дейін);

- «Петропавл - Соколовка - РФ шекарасы (Ишим қаласына қарай)» А-12 автожолының 11-73 км (Петропавлдан РФ шекарасына дейін);

- «Көкшетау - Рузаевка» Р-11 автожолының 61-196 км (Ақмола облысының шекарасынан Рузаевка елді мекеніне дейін);

- «РФ шекарасынан (Екатеринбург жаққа) - Алматы» М-36 автожолының 729-856 км (Қостанай облысы шекарасынан Ақмола облысының шекарасына дейін);

- «Қарасай батыр мемориалдық кешеніне барар жол» Р-28 автожолының 0-24 км (Саумалкөл ауылынан Қарасай батыр мемориалдық кешеніне дейін).