СҚО-да көлік жолын су басып қалды
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзенінде су деңгейі көтеріліп, көлік жолын су басып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Челябинск-Новосібір» автомобиль жолы «Мамлютское кольцо» учаскесінің 525-529 шақырымында барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді.
Көліктер бқл бағытта «Петропавл айналма жолы» арқылы жүруі керек. Ескерту белгісі мен сигнал жазбалар орнатылды. Тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған.
Солтүстік Қазақстан облысына құтқарушылардың болжамынша су тасқынының екінші толқыны келе жатыр, алайда ол біріншісіне қарағанда әлдеқайда әлсіз болмақ.