СҚО-да көлік жүргізуге құқығы жоқ 6 адам такси қызметін ұсынып келген
ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер «Заңсыз келуші-таксист» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл іс-шара қоғамдық тәртіпті сақтауға, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және шетелдіктердің көші-қон заңнамасын сақтауына бағытталған.
Полиция рейдтерге шығып, жолаушы тасымалдаушыларды тексерді. Нәтижесінде 11 заңсыз тасымалдаушы анықталды. Оның ішінде жақын шет елдердің бірінің 21 жастағы азаматы бар.
Бұдан бөлек, полицейлер жолаушыларды міндетті сақтандырусыз тасымалдаумен айналысқан 17 жүргізушіні анықтады.
Тағы 24 адам техникалық тексеруден өтпеген көліктерімен жолаушы тасымалдаған, ал 6 адамның көлік жүргізу құқығы болмаған.
Сондай-ақ іс-шара барысында көші-қон заңнамасының бұзудың 92 дерегі анықталды.
Бұған дейін СҚО-да жаңа жыл қарсаңында арнайы қызметтердің мобильді топтары жұмыс істеп жатқанын жазған едік.