СҚО-да көрмеге Мүсіреповтің «Ұлпан» романының қолжазбасы қойылды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО тарихи-өлкетану мұражайында Ғабит Мүсіреповтің туғанына 115 жыл толуына арналған «Дархан дарын» атты көрме ашылды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Көрмеге мұражай қорынан  Мүсіреповтің білім алған жылдары, отанына келген кезеңдері бейнеленген фотолар ұсынылды. Түрлі конференциялар мен кездесулерге қатысқаны, жазушы сценарийімен қойылған фильмдер мен спектакльдерлен үзінділер көрсетілді.

 

Экспонаттардың ішінде Мүсіреповтің жұмыс папкасы, жеке заттары, оның ішінде костюмі мен аяқ киімі де бар, «Қазақ солдаты», «Оянған өлке», «Ұлпан» және т.б. кітаптары қойылды.

 

Басты жәдігер - «Ұлпан» қолжазбасының үзіндісі.

 

Мұрайжайды таныстырушы Гүлжаухар Сәдуақасова Мүсірепов өз кітаптарын араб әрпімен кәдімгі қарындашпен жазғандығын айтты. Ол «Ұлпан» романы  240 беттен тұратынын, оның бірі көрмеге қойылғанын атап өтті.

 

22 наурызда Ғабит Мүсіреповтің туғанына 115 жыл толады. Ол СҚО Жамбыл ауданы Жаңажол ауылында дүниеге келген. Оның есімі Петропавлда көшеге және аудандардың біріне берілді.

 

Өңірде мерейтойлық күнге арналған бірқатар шаралар жоспарланған. Оның ішінде көрме, шығармашылық, музыкалық кештер, әдебиет сағаттары және т.б. бар.









null 

Соңғы жаңалықтар