СҚО-да коронавирус жұқтырғандардың жартысына жуығы - 50 жастан асқандар
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында коронавирустыжұқтырғандардың 23 %-і зейнеткерлер болса, 46 %-і жасы 50-ден асқандар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
СҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде бүгінде 7303 адам КВИ жұқтырған. Олардың 4348-інен ауру белгілері табылған.
18%-і алдын алу мақсатында жүргізілген тексеріс барысында анықталса, 61%-інде адамдар ауырып, дәрігерлерге жүгінген, ал сырқаттанғандардың 21%-і ауырғандармен байланыста болған.
КВИ жұқтырғандардың басым бөлігі, яғни 27 %-і жасы 60-тан асқандар.
Одан кейін 19 %-пен 50-ден асқандар және 17 %-пен 30-40 жас аралығындағылар келеді.
Өткен тәулікте облыста корнавирус жұқтырудың 72 жағдайы тіркелді.
Сырқаттанғандардың басым бөлігі – аудандарға тиесілі. Мәселен Петропавлда тек 10 адамда анықталса, Есіл ауданында – 14, Қызылжар ауданында – 10 және Аққайың ауданында 9 жаңа жағдай тіркелді.
Санитарлық дәрігерлер соңғы 4 күнде қауіпті инфекцияны жұқтырудың 28%-ке азайғанын айтады.