СҚО-да коронавируспен ауырғандар саны 33%-ға төмендеді

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН. ҚазАқпарат - Соңғы 2 аптада СҚО-да Covid-19 ауырғандар 33%-ға яғни, 2286-дан 1426 жағдайға дейін төмендеді. Бұл туралы ҚазАқпарат Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

СҚО-да коронавируспен ауырғандар саны 33%-ға төмендеді

Жалпы жағдайлардың ішінде-22 670-профилактикалық тексеру кезінде жұқтырғандардың 13%-ы анықталды, 65%-ы медициналық көмекке жүгінген адамдар арасында тіркелді, ал 23%-ы байланыста болғандар арасында анықталды.

Жұқтырудың әкелінген жағдайларын тіркеу жалғасуда. Өткен жылдың қазан айынан бастап автомобиль жолдарындағы өткізу пункттері арқылы 239 054 адам келді. ҚР 5 319 азаматында анықтама болған жоқ, олар COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін карантиндік стационарларға орналастырылды. Оң нәтижемен 315 адам анықталды. 1306 шетелдік азаматтарға тестілеу туралы анықтаманың болмауына байланысты кіруге тыйым салынды.

Облыс 4 қыркүйектен бастап «сары» аймақта орналасқан. Дәл қазір аурудың төмендеуі кезінде босаңсуға болмайды. Санитариялық шаралар сақталмаған жағдайда жағдай кез келген уақытта одан да нашар жаққа өзгеруі мүмкін. Санитариялық ережелер мен қаулылардың барлық талаптарын сақтауды сұраймыз: бетперде кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау, бұқаралық іс-шараларға қатысудан бас тарту, жеке гигиена талаптарын сақтау.