СҚО-да қос қабатты үйде газ баллоны жарылып, 12 жасар қыз қаза тапты

өрт
Фото: Instagram

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Смирново елді мекеніндегі екі қабатты үйде газ баллоны жарылып, 12 жасар қыз мерт болды. Оқиға орнына облыс әкімі барып, жағдайды көрді, деп хабарлайды Kazinform.

СҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға бүгін сағат 15:00-ге таман Смирнов елді мекені Титов көшесі, 11 мекенжайындағы 2 қабатты 3 подъезді үйдің екінші қабатында болған.

өрт
Фото: СҚО төтенше жағдайлар департаменті

Газ-ауа қоспасының жарылуынан үйдің терезелері шағылып, ғимаратқа зақым келді.

60 шаршы метр аумақ отқа оранды.

Оқиға салдарынан 12 жасар қыз қайтыс болған.

өрт
Фото: Instagram

2001 жылы туған ер адам жарақат алып, орталық аудандық ауруханаға жатқызылды.

9 адам эвакуацияланды.

Төтенше жағдай орнына облыс әкімі мен мемлекеттік органдардың өкілдері барды.

Өрт сағат 17.00 шамасында толық сөндірілді.

өрт
Фото: СҚО төтенше жағдайлар департаменті

Қазіргі уақытта себебі және келген шығын мөлшері анықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар