СҚО-да күннің күрт жылуына байланысты ескерту жарияланды

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысында 23-26 наурыз күндеріне ескерту жарияланды. 

Тұман, көктайғақ: 2 наурызға арналған ауа райы болжамы
Фото: Александр Павский/Kazinform

«Қазгидромет» РМК СҚО филиалының мәліметінше, бұл күндері ауа температурасының жоғарылауына байланысты қар қарқынды еріп, су басу қаупі жоғарыламақ.

«Наурыз айының үшінші онкүндігінде негізінен жауын-шашынсыз ауа райы болмақ, ауа температурасы түнде -10,-15, облыстың батысында -18 градус аяз, күндіз -3 градус аяз және 2 градус жылыдан +2,+7 градус жылыға дейін ауытқиды.

Онкүндіктің соңында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Күндіз ауа температурасы 0,-5 градус аязға дейін төмендейді деп болжанған», - дейді облыстық филиал директоры Қымбат Мерғалимова.

Соңғы жаңалықтар