СҚО-да қыдырымпаз басшы қызметінен босатылады (ФОТО)

ПЕТРОПАВЛ - 27 маусымда Мемлекеттік қызмет істері министрлігі СҚО бойынша департаментінің басшысы - Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Ғалым Сұлтанұлы Тұрсынбаевтың төрағалығымен өткен кеңестің кезекті отырысында 8 мәселе қаралды.
None
None

Ең алдымен кеңестің жаңа мүшесі «Қазақстан» телерадиокорпорациясы» АҚ СҚО филиалының директоры Е.Тоқшылық таныстырылды.

Содан соң мәселелерді қарастыруға кіріскен кеңес құрамы сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының СҚО Қорғаныс істері департаментінің қызметіне жүргізген, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау қорытындысы туралы ақпаратын тыңдап, жемқорлыққа қарсылық таныту жөніндегі шараларды күшейту қажеттігін айтты.

Аудан әкімдігінің қабырғасындағы қызметтік тәртіпті күшейту, сыбайлас жемқорлықтың және мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтардың алдын алу шаралары жөнінде Тайынша ауданы әкімінің ақпараты тыңдалды.

Баяндама қорытындысы бойынша барлық олқылықтар ескеріліп, аудан басшысына қызметкерлерінің құқықтық сауатын арттыру және заңнаманы мінсіз сақтану жөнінде ұсыныс жасалды.

Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөнінде атқарған жұмысы туралы облыс әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілетті өкілі Ю. Наумочкин есеп берді.

Бұдан әрі БАҚ-тағы сыни жарияланымдар, азаматтардың арыздары және мемлекеттік органның ұсынымы бойынша қозғалған 4 тәртіптік іс қаралды.

Алғашқысы ҚР АШМ Мемлекеттік инспекция комитеті Айыртау ауданы бойынша аумақтық инспекциясының басшысына қатысты болды.

Қатарынан үш күн бойы, үш сағаттан артық дәлелді себептерсіз қызмет орнында отырмаған мемлекеттік қызметшіні, тәртіпке бағынбай Әдеп кодексінің талаптарын бұзды деп облыстық инспекция ұсыным жасаған болатын. Жүргізілген тексеріс нәтижесінде өрескел тәртіп бұзушылық фактісі расталды. Сондықтан Әдеп жөніндегі кеңес қыдырымпаз басшыны қызметінен босату жөнінде ұсыным жасады.

Айыртау ауданы ветеринария бөлімінің жетекшісі болса, ауданның Ветеринарлық стансасы директорының лауазымына тиісті біліктілік талаптарына сай келмейтін тұлғаны конкурс процедураларын өткізусіз қабылдау туралы заңсыз шешім қабылдаған. Заңсыз артықшылық танытып, мемлекеттік қызметке теріс әрекетімен кір келтірген бөлім басшысы, атқарып отырған қызметіне толық сай еместігі туралы ескерту алды.

БАҚ-тағы сыни жарияланымдар бойынша жүргізілген тексерістің қорытындысы бойынша Петропавл қалалық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.Бейсенованың қалалық Мәдениет үйі директорының лауазымына талаптарға сай келмейтін тұлғаны уақытша орналастырғандығы анықталды.

Сондықтан Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері, бір ауыздан А.М. Бейсеноваға қатаң сөгіс жариялауды шешті.

Ең соңғы болып Шал ақын ауданының әкіміне қатысты тәртіптік іс қаралды.

Бұған, әкімінің халық алдында есеп беруі кезінде көрсеткен дөрекілігіне төзбеген, Сухорабов ауылдық округі тұрғынының шағымы негіз болды.

Кеңес төрағасы Ғалым Тұрсынбаев аудан әкімін ескерту түрінде тәртіптік жауапкершілікке тарту қажет деген ұсыныс жасады.

Дауыс беру кезінде Төрағаның ұсынысын Кеңестің 3 мүшесі қолдап, бесеуі қарсылық білдірді. Дауыстардың басымдылығына байланысты тәртіптік істі тоқтату жөнінде шешім қабылданды.

null null null null null null null null null null  

Соңғы жаңалықтар