СҚО-да қыркүйекте азық-түліктің бағасы қымбаттады

Бұл ретте жұмыртқа бағасының 8 пайызға, ет бағасының 3,5 пайызға, алкогольсіз өнімдер 5,9 пайызға, нан өнімдері мен жарма 0,3 пайызға қымбаттағандығын айта кету керек. Сонымен қатар, статистика мамандары картоп бағасының 3 есеге төмендегендігін айтты. Жеміс-жидек пен көкөністер 8,3 пайызға арзандап, қант пен кондитерлік тауарлар 3,6 пайызға төмендеген.
Үйде пайдаланылатын заттардың да бағасы біршама өсе түсті. Олардың арасында тұмыстық техникалар мен жеке бас тазалығына қажетті дүниелер, демалыс пен мәдениет саласындағы қызметтердің және киім-кешектердің жекелеген түрлерінің де бағасы артты. Дизельді отынның бағасы 12,7 пайызға өсті. Темір жолмен тасымал 5 пайызға қыбаттады.
2016 жылдың қыркүйегінде ең төменгі күнкөріс көлемі 22 399 теңгені құрады. Бұл көрсеткіш алдындағы жылдың желтоқсан айындағы жағдаймен салыстырғанда 22,3 пайызға көбейді. Азық-түлік себетінің құны 13439 теңге болды.