СҚО-да лицензиясы жоқ пиротехника тәркіленеді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының тәртіп сақшылары лицензиясы жоқ пиротехникалық бұйымдарды анықтау бойынша рейд шараларын жүргізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат СКО ІІД-нің баспасөз қызметі.
None
None

Петропавл қаласында «Мұхит» сауда үйінің маңында пиротехникалық бұйымдарды сатып жатқан орын иесінің лицензиясы жоқ болып шықты. Сол сәтте оған әкімшілік хаттама толтырылып, лицензиясы жоқ тауар жою үшін тәркіленді. Ал 31 жастағы сатушының өзі өз баласына пиротехниканы бермейтінін айтады. Өйткені ол өте қауіпті.

«Петропавл қаласында ішкі істер басқармасының әкімшілік және жергілікті полиция қызметі мен арнайы мақсаттағы жасақтың (СОБР) көмегімен 10 рейд жүргізіп, оның барысында құны 2 млн теңге болатын пиротехникалық бұйымдарды тәркіледі. ҚР ҚК-нің 196 бабы негізінде 6 әкімшілік хаттама толтырылды. Оның негізінде 25 АЕК көлемінде айыппұл салынады»,-деп хабарлады СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

Күн сайын рейдке 140-тан астам полиция қызметкері шығады. Осы кезге дейін 117 рейд шарасы ұйымдастырылған. Пиротехникалық бұйымдарды саудалаудың барлығы 23 фактісі анықталды.

Соңғы жаңалықтар