СҚО-да мас күйінде суға түскендерге айыппұл салынып жатыр
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында тәртіп сақшылары мен құтқарушылар суға кетудің алдын алу үшін бірлескен іс-шараларды қолға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, арнайы жарақтандырылмаған орында суға шомылғаны үшін 36 петропавлдық ескерту алды. Олар мұндай жерлерде демалу арқылы өз өмірін қатерге тігеді, өйткені, өзеннің түбі - беймәлім, қатты ағыс және иірімдер болуы мүмкін.
«Судағы мас адам – жартылай суға батқан адам» деген бар. Олар өз өмірін қатерге тігіп қана қоймай, қоғамдық орында басқалардың мазасын алады. ҚР Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексінің 440-бабы бойынша ескерту жасалмайды. Айыппұл салынады. Бір жылдың ішінде екі рет қайталанған жағдайда 5 тәулікке дейін қамауға алынады», - дейді Петропавл қалалық ПБ жергілікті полиция қызметі бөлім бастығының міндетін атқарушы Әлібек Ғабдуллин.
Есіл өзеніне және Пестрое көліне рейд барысында мас күйде қоғамдық орында жүрген 11 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тәртіп сақшылары мен құтқарушылардың бірлескен іс-шараларының мақсаты – судағы қайғылы оқиғалардың алдын алу.