СҚО-да майдангерге Беларусь елінің медалі табыс етілді

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM — Петропавлда Қазақстандағы Беларусь Республикасының елшілігі майдангер Василий Макиенконы марапаттады. Соғыс ардагеріне «Беларусьті фашистік басқыншылардан азат етуге 80 жыл» медалі табысталды.

ардагер
Фото: Қуанар Әбдірахманов

Василий Макиенко екі айдан кейін 99 жасқа толады. Екінші Дүниежүзілік соғысқа 17 жасында аттанған бозбала Беларусь елін жаудан азат етуге қатысқан. Жеңісті Кенигсберг қаласында қарсы алды. 

ардагер
Фото: Қуанар Әбдірахманов

«Мен 3-ші Белорусь соғысында болдым. Әуе-десант әскерінде 5 жыл әскери қызмет атқардым. Соғыстан кейін сол елде қалып, „Красный Октябрь“ аяқ киім фабрикасында бөлім басшысы болып еңбек еттім. Сол жақта үйлендім. Кейін әкемнің талап етуімен елге оралып, үйге белорус қызын әкелдім. Белорустар өте қайырымды адамдар, мен оларды бауырым деп есептеймін», — дейді майдангер.

Елге келгеннен кейін ұзақ жыл сумен қамтамасыз ету кәсіпорнында жұмыс істеді. Бүгін соғыс ардагерімен кездесу осы «Есіл су» республикалық мемлекеттік кәсіпорнында өтті. Іс-шараға еңбек ұжымы, ардагерлер кеңесінің және қоғам өкілдері қатысты. 

ардагер
Фото: Қуанар Әбдірахманов

Жалпы Василий Макиенко 2-дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Кенигсбергті алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Тың жерлерді игергені үшін» және көптеген мерейтойлық медальмен марапатталған. 

ардагер
Фото: Қуанар Әбдірахманов

Бұған дейін СҚО-да он айда тұрғындар интернет алаяқтардан 660 млн теңгеге зардап шеккенін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар