СҚО-да медицина қызметкері 20 тәулікке қамалды
ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM — Солтүстік Қазақстан облысында мас күйінде көлік жүргізгені үшін медицина қызметкері қамауға алынды.

СҚО сотының мәліметінше, оқиға 18 қаңтарда түнде болған. Булаев қаласының тұрғыны, медицина қызметкері мас күйінде көлік жүргізіп ұсталған. Оның мүлде жүргізуші куәлігі болмаған.
М.Жұмабаев ауданының соты әкімшілік құқық бұзушылық істі қарап, сот отырысында әйел кінәсін мойындады. Айтуынша, дәмханада спирттік ішімдік ішкен, кейін таныстарымен бірге үйге кеткен. Жолда рөлге мас отырған, оны полиция қызметкелері тоқтатты.
Сот қаулысымен әйел 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Бұған дейін СҚО-да банк шотын біреулерге пайдалануға берген тұрғын енді келтірілген шығын — 3 млн теңгені өзі өтейтіндігін жазған едік.