СҚО-да мектеп түлектері биология мен физика пәндері бойынша емтихандарды таңдауда

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Облыстық әкімдікте мектеп түлектерін емтихандарға дайындау мәселелері талқыланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі СҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
None
None

Биыл қорытынды аттестациялау тәртібі мектепті бітіру емтихандары және жоғары оқу орындарына түсу болып екіге бөлінді. Білім басқармасының басшысы Шолпан Каринова атап өткендей, биыл барлық түлектер мемлекеттік емтихандарды 29 мамыр мен 9 маусым аралығында тапсырады. Емтихандар мектептерде 5 пән бойынша, соның ішінде 4 міндетті және бір таңдау пәні бойынша өтеді. Түлектер аттестаттарын 10-12 маусым аралығында қолдарына алады. «Биыл 3630 түлек мектеп бітіргелі жатыр. 20 маусым мен 1 шілде аралығында бес пәннен Бірыңғай ұлттық тестілеу өтеді. Қазір ҰБТ-ға құжат тапсыру үшін база жасалынып жатыр. Алдын ала дерек бойынша, түлектердің 60,5%-ы тестілеуден өтеді», - деді Шолпан Каринова.Өңірдегі түлектердің көп бөлігі бесінші пән ретінде биология мен физиканы таңдауда.

  «ҰБТ жыл сайын - балалар мен ата-аналардың қиналатын сәті. 12 мамыр - біртұтас ата-аналар жиналысы өтетін күн. Оның мақсаты - мектептерде бақылау кеңесін құру, яғни қоғамдық бақылауды күшейту. Мектептердегі көптеген мәселелерді бақылау кеңестері арқылы шешуге болады», - деп атап өтті өңір басшысы Құмар Ақсақалов.

  Биыл «Алтын белгiге»  140 түлек үміткер атанып отыр.

Соңғы жаңалықтар