СҚО-да мемқызметкерлерге өкінген парақорлар туралы роликтер көрсетіледі
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңесте әділет департаментінде жемқорлыққа қарсы қандай шаралар қолданылып жатқаны туралы айтылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Қызметкерлермен жұмыс істеу және ішкі қауіпсіздік бөлімінің басшысы Гүлмира Бекқожинаның айтуынша, аталған бағытта бекітілген жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылуда.
«Әділет департаментінің қызметкерлеріне арнайы жемқорлық тақырыбындағы роликтер көрсетілді. Видеода қылмыс үстінде қолға түскен жемқорлардың өкінгені көрсетіледі. Бұл басқаларға ой салады», -дейді Гүлмира Бекқожина.
Оның айтуынша, соңғы екі жыл көлемінде әділет департаментінде бірде бір жемқорлық немесе қызметкерлердің әдеп кодексін сақтамау фактілері тіркелмеген.