СҚО-да мемлекеттік қызмет мектебі ашылды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде мемлекеттік қызмет мектебі ашылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

СҚО-да мемлекеттік қызмет мектебі ашылды

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің ақпаратынша, бұл жоба үшінші рет іске асырылып отыр. Оның мақсаты - мемлекеттік қызметке келетін кандидаттарды даярлау.

«Түрлі факультеттердің бітіруші курсында білім алып жүрген 20-дан астам студент бұл мектепте білім алуға ниет білдірді. Тестілеу қорытындылары бойынша, оған болашақ мамандығын таңдаған 11 студент алынды», - деп баяндады баспасөз қызметінен.

Оқуға ҚР мемлекеттік басқару және заңнама негіздері енгізілді. Курстар Мемлекеттік басқару академиясы филиалының оқытушы құрамы, облыстағы мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен өткізіледі.